Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті
16 мамыр, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астананың сол жағалауында жеңіл автокөлік баланы қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ұлы дала мен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында болған.
«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі Ұлы дала мен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында бағдаршамның жүруге тыйым салатын сигналы кезінде жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Тексеру жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Астана қаласының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды