Бүгіннен бастап №83 жаңа бағдар «Өндіріс» тұрғын алабы (№39 разъезд) – Теміржол вокзалы аралығында жүреді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Бағдар «Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарын теміржол вокзалымен байланыстырып, ауданның қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуін жақсартады», - делінген City Transportation Systems ЖШС хабарламасында.
Бағдардың қозғалыс сызбасын төмендегі суреттен және Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталғанын жаздық.