Астанада қаламгерлер Конституция жобасын талқылады
4 ақпан, 2026
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің төрағалығымен Конституцияның жаңа нұсқасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға белгілі қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарын, ел дамуының болашағын, шығармашылық еркіндік пен сөз бостандығы мәселелерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті талқылады.
Сондай-ақ елдің басты құқықтық құжатының мазмұнына қатысты бірқатар ұсыныстар мен тұжырымдар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер