Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді – ВИДЕО

11 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/ТЖМ

Бүгін «Сарайшық» ауданындағы А-52 көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі кабель шахтасында электр кабелінің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт 27 метр аумақта толық сөндірілді. Оттың одан әрі таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.