Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады

12 қазан, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады
Фото: ҰОК

15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда үш кездесу өткізеді.

Қазақстан құрамасы 15 қазанда Жапонияға қарсы ойнайды. Одан кейін 17 қазанда Қытаймен, 18 қазанда Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Еске салсақ, Астанада Азия Пара ойындарына қатысатын 150 спортшыны шығарып салды.