Астанада Бұқар жырау мен Төле би көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

11 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Астанада Бұқар жырау мен Төле би көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Бұқар жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі Төле би көшесінің құрылыс жобасы аясында жол жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты 12 және 13 қыркүйек күндері Бұқар жырау және Төле би көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Бұған дейін Астанада көше жарығы мен мобильді интернет жабдығы бір бағанға орнатылатынын жаздық.