Астанада Байтұрсынов – Аманжолов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Астанада Байтұрсынов – Аманжолов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты А. Байтұрсынов пен К. Аманжолов көшелерінің қиылысы толықтай жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жол жабынының төменгі қабатын төсеу жұмыстарына байланысты жабылу уақыты:

- 1 мамыр сағат 21:00-ден 2 мамыр сағат 09:00-ге дейін;

- 2 мамыр сағат 21:00-ден 3 мамыр сағат 09:00-ге дейін.

Жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.