Елордада ойын-сауық орнында қорқор шеккендерге шара қабылданды

12 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада ойын-сауық орнында қорқор шеккендерге шара қабылданды
фото: polisia.kz

Елордада қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар кезінде екі ойын-сауық орнында кальян пайдалану фактілері тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Атап айтқанда, кешкі сағат 21:00 шамасында Қалдаяқов көшесінде орналасқан мекемелердің бірінде кальян пайдалану дерегі анықталды. Осы факті бойынша 30 жастағы азаматқа қатысты заң аясында шара қабылданды. Араға бір сағат салып, сағат 22:00 шамасында Кенесары көшесіндегі ойын-сауық орындарының бірінде тағы бір осындай факті анықталды. Бұл дерек бойынша 22 жастағы азаматқа қатысты тиісті шара қабылданды», - делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлері кәсіпкерлік нысандарының өкілдері мен қала тұрғындарын қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады. Ал заңды елемеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. 

Еске салайық, бұған дейін биыл Астанада қорқорға қатысты 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталғаны туралы жаздық.