«Астана Ветсервис» мекемесінде иттерді тегін чиптеу жүргізіледі

12 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Астана Ветсервис» мекемесінде иттерді тегін чиптеу жүргізіледі
Фото: «Астана ветсервис» мекемесі

​Қазақстан Республикасының «Жауапты қатынас жасау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, иттер мен мысықтар чип қолдану арқылы міндетті түрде есепке алынуға тиіс, деп хабарлайды Elordainfo.kz ​Астана қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» мекемесі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Чиптеу — бұл жай ғана жануарды анықтау құралы емес. Электрондық базада үй жануары мен оның иесі туралы ақпарат, сондай-ақ жүргізілген вакцинациялар мен басқа да ветеринарлық рәсімдер туралы деректер сақталады.
​Бұл жануардың тарихын сақтауға және қажет болған жағдайда оның иесін жылдамырақ табуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Ал үй жануарларын есепке алу талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде — 43 250 теңге айыппұл қарастырылған.

​Тегін чиптеу мәселелері бойынша мына телефон номірлеріне хабарласуға болады:

​8 700 724 82 09
8 700 724 82 08
8 702 359 80 87
8 777 687 89 45
8 777 324 08 95