Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жолы) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автомобиль жолының 341-473 шақырым аралығындағы таңдамалы учаскелерінде орташа жөндеу жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жоба аясында 68,7 шақырым жолда ескі асфальтбетон жабыны аршылды және 68,7 шақырымда тегістеуші қабат төселді. Сонымен қатар 64 шақырымда қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселіп, 60 шақырымда жол жиектері нығайтылды.
Қазіргі уақытта жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
«Орташа жөндеу жол жабынының сапасын жақсартуға, автожолдың пайдалану мерзімін арттыруға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Астанада 6 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді.