Референдум-2026

Арман Жайым: Домбыра – ұлтымыздың баға жетпес құндылығы

Арман Жайым: Домбыра – ұлтымыздың баға жетпес құндылығы
Фото Арман Жайымның жеке мұрағатынан

ҚР Композиторлар одағының мүшесі Арман Жайым Ұлттық домбыра күніне орай қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, ұлттық музыкалық аспаптардың қазақ мәдениетіндегі орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Композитордың айтуынша, домбыра – қазақ халқының рухани болмысын айқындайтын ең қастерлі құндылықтардың бірі.

«Домбыра ұлтымыз үшін аса маңызды аспап. Домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы – мұның бәрі халқымыздың ұлттық құндылығы. Сондықтан бүгінгі мереке музыканттар үшін ғана емес, барша қазақ елі үшін ерекше маңызды күн», – деді Арман Жайым.

Ол ұлттық музыкалық мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызына тоқталып, қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлттық өнеріміздің мерейі үстем болып, қасиетті домбырамыздың үні әрдайым асқақтай берсін», – деді композитор.

Бұған дейін композитор Кентау Назарбек домбыраның ұлт руханиятындағы орны туралы пікір білдірген болатын.