Ақтөбеде жеке үйге пластик терезені бүлдіріп кірген ұрылар ұсталды
27 қаңтар, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Ақтөбеде пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды. Олар осындай қылмысы үшін бұрын сотталғаны анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Олар 21 қаңтарда күндіз үйде адам жоқ кезде пластик терезені итеріп ашу арқылы, іштен зергерлік бұйымдар мен бірнеше ұялы телефонды ұрлаған.
Криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру барысында екі адамды ұстады. Күдіктілерден ұрланған 800 мың теңгенің заттарының бір бөлігі тәркіленді. Екі ер адам кінәсін мойындады, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Еске сала кетсек, астаналық полицейлер бүлдіршіндерге танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды