Ақмола облысында синтетикалық есірткілерді өндіретін кезекті зертхананың қызметі тоқтатылды

Бүгін, 13:03
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысында синтетикалық есірткілерді өндіретін кезекті зертхананың қызметі тоқтатылды
Фото: Бас прокуратура

Целиноград ауданында синтетикалық есірткілерді өндіретін кезекті зертхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Тінту барысында жарты киллограмнан астам дайын өнім, химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар табылды.
 
Тізімдегі заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жыл басынан бастап құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен күшімен облыс аумағында 432 килограммнан астам есірткі тәркіленді, синтетика дайындайтын 3 есірткі зертханасы, 18 фитозертхана және есірткі жеткізудің 5 арнасы жойылды», - делінген хабарламада. 

Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.
 
Прокуратура есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде есірткі таратушылардың әрекетіне тосқауыл қойылғаны туралы жаздық.