Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды
2 маусым, 2026
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Тінту барысында 3 кг психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Профилактика жол үстінде: «Заң мен тәртіп» акциясы Астана мен Ақмола облысын біріктірді
18 қыркүйек, 2026
Елордада 42 мыңдай шетелдік тіркеусіз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды
18 қыркүйек, 2026
Ішкі істер министрлігі ұшқышсыз ұшу аппараттарын дамытып жатыр
18 қыркүйек, 2026
Заң мен тәртіп: ҮЕҰ арасында республикалық байқау басталды