Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды
19 тамыз, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға үкім шығарды. Бұл туралы Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Олар ауруханада іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады