Айбек Оралбай үш дүркін Азия чемпионы атанды
10 сәуір, 2026
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан,атыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында Қытай өкілі Байикевузи Данабикемен кездесті.
Алғашқы раундта Айбек Оралбай 3:2 есебімен басым түсті. Екінші үш минуттықта да жерлесіміз соққыларын дәл дарыта білді. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, аталмыш біріншілікте 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оразбек Асылқұлов алтын жүлде иеленді. Ал әйелдер арасында Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атанды.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Саят Байғабұлов: Теміржолдағы электрмен жабдықтау қызметі тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
31 шілде, 2026
Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
31 шілде, 2026
Астаналық спортшы 17 жасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
27 шілде, 2026
Елордалық балуандар қазақ күресінен ел чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды