Абайдың 180 жылдығы: Ұландық сарбаздар жоғалған балаларды тапты
11 тамыз, 2025
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен
Ұлттық ұлан сарбаздары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту кезінде жоғалған балаларды тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға Абай облысы Қарауыл ауылында ақынның 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болды. Мерекелік іс-шараға жүздеген тұрғын мен қонақ жиналған сәтте Ұлттық ұланның патрульдік тобына жергілікті тұрғын жүгініп, 11 мен 9 жастағы балаларын жоғалтып алғанын хабарлады.
Бұл күні әскери жасақ қоғамдық тәртіпті қадағалап, ауыл тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрді. Балалардың жоғалғаны жөнінде хабар алған сәтте-ақ олар халықтың көптігіне қарамастан дереу іздестіру жұмыстарын бастады.
Әскерилердің шұғыл әрекетінің арқасында балалар аман есен әрі жылдам табылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:27
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды