1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
31 наурыз, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
«Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», - деді министр.
Еске сала кетейік, еліміздің мектептерінде құқықтық мәдениет сабақтары енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
17 қыркүйек, 2026
Қазақ ұлттық спорт университеті ХОК-тың олимпиадалық зерттеу орталықтары желісіне қосылды
17 қыркүйек, 2026
Қазақстан БҰҰ-да балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформаларды таныстырды
16 қыркүйек, 2026
Еліміздегі шағын жинақты ауыл мектептері жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
10 қыркүйек, 2026
Астана оқушылары PISA-2025 зерттеуінде жоғары нәтиже көрсетті