Еліміздің мектептерінде құқықтық мәдениет сабақтары енгізілді
Бүгіннен бастап еліміздің мыңға жуық мектеп пен колледжінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба Алматы облысы Талғар ауданында өткен пилоттық кезең нәтижесінде енгізілді. Онда буллинг пен құқық бұзушылық деңгейінің төмендегені байқалған.
Ең көп қамтылған өңірлердің қатарында:
- Шымкент қаласы (100-ге жуық ұйым),
- Қарағанды облысы (190-нан астам),
- Павлодар облысы (шамамен 110 ұйым) бар.
Сабақтарға құқық қорғау органдарында тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылып, олар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі.
Пилоттық кезеңде 9 мыңнан астам оқушы қамтылып, буллинг пен кибербуллинг 18%-ға төмендеді. Сонымен қатар, тәуекелі төмен оқушылар үлесі артып, ерекше назарды қажет ететін жасөспірімдер саны азайған.
«Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Ол «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында кезең-кезеңімен бүкіл елге енгізіледі», - делінеді хабарламада.
Бұған дейін Елорда студенттерімен қылмыстың алдын алу бойынша кездесу өткен болатын.