«Мың алғыс»: Астанада коммуналдық қызметкерлер асыл аналарын құттықтады
Фото: freepik.com
«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаңа қоңырау шал» атты ерекше челленджді бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Акция аясында компания қызметкерлері аналарына телефон соғып, келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға деген махаббаты мен алғыстарын білдірді.
«Осы өміріме шүкір, мен сені қатты жақсы көремін», «Осындай ұл өсіргеніңізге рақмет!», «Мың алғыс», «Бар болғаныңызға рақмет» деп аналарын жылы лебізімен құттықтады.
Челлендждің мақсаты – әйелдердің қоғамдағы маңыздылығын көрсету, олардың күнделікті еңбектері мен түрлі салаларда, оның ішінде экономика мен еңбектегі жетістіктерін атап өту және әйелдерді қолдау мәселесіне назар аудару.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Елордалық ұстаздар «Үздік педагог-2025» конкурсының жеңімпазы атанды
23 қазан, 2025
Астаналық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
22 қазан, 2025
«Менің Қазақстаным»: астаналық спортшылар Республика күнімен құттықтады
20 қазан, 2025
Астаналық каратэші Жапонияда тарихи жеңіске жетті
