Елордалық студент халықаралық чемпионатта алтын медаль иеленді
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Astana Polytechnic жоғары колледжінің студенті Мұхаметжан Ағыбай Будапеште өткен WorldSkills Hungary 2025 чемпионатында «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша 1-орын алып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мұхаметжан Ағыбай – 2024 жылғы WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпазы. Ол енді 2025 жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысуға үміткерлердің қатарында.
Бұл жеңіс – еліміздің ТжКБ жүйесінің сапасын көрсетіп, Қазақстан жастарының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2025
Астаналық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
22 қазан, 2025
«Менің Қазақстаным»: астаналық спортшылар Республика күнімен құттықтады
20 қазан, 2025
Астаналық каратэші Жапонияда тарихи жеңіске жетті
20 қазан, 2025
Елордалық оқушы зағип жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапты
