Елордалық гимнастар әлем кубогында қола медаль жеңіп алды


Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының үшінші кезеңінде Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің «Фурор» командасы өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшыларымыз 5 лента бағдарламасы бойынша жоғары үйлесімділік пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді. 1-орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс медальді Польша құрамасының гимнастшылары жеңіп алды.
«Қыздарымыздың еңбегі ақталды. Олар талмай жаттықты, әр жаттығуды жүректерімен орындады. Бұл – олардың табандылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыруға күш саламыз», – деді команданың жеке бапкері Меруерт Балғынбаева.
Команда құрамында елордалық гимнасшылар Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мәдина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.



