Жеңіс Қасымбек Астананың дизайн-кодына қатысты пікір білдірді
20 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың дизайн-кодына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астана – мемлекетіміздің келбеті. Сондықтан ерекше сәулет дизайн-коды болу керек. Ол дизайн-код бойынша былтыр негізгі құжаттар қабылданды. Сол бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Оған сыртқы жарнама, абаттандыру, көгалдандыру, түнгі жарықтандыру және т.б. жұмыстар жатады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қалада бұл жағдай өзгеруде. Және қаланың тұрғындары мен қонақтары оны дұрыс қабылдап жатыр. Құрылыс компанияларының өкілдері дизайн-код бойынша қабылданған құжаттар туралы жақсы біледі. Олар соған сай құрылыс салып жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.
Ұқсас жаңалықтар
13 қыркүйек, 2026
Елордада есірткіге күрес шарасы аясында алғаш рет киберспорт турнирі ұйымдастырылды
13 қыркүйек, 2026
Астана #Otbasym2026 жалпыұлттық челленджіне қосылды
13 қыркүйек, 2026
Елордада үш автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
13 қыркүйек, 2026
Астанадағы отбасылық дуатлон сайысына 100-ге жуық отбасы қатысты