00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жапония мен Ресей атом энергетикасынан бас тартқан жоқ - Елнұр Бейсенбаев

20 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Жапония мен Ресей атом энергетикасынан бас тартқан жоқ - Елнұр Бейсенбаев
фото: maslihat01.kz

АЭС салу мәселелері бойынша көпшілік жария талқылауда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев референдум өткізу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қағидаттарының іске асырылуын көрсететінін атап өтті. Бұл туралы Elordainfo.kz Астана қаласы мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жақында елімізде АЭС салу бойынша референдум ұйымдастырылады. Сондықтан да бүгін халықты алаңдатқан сұрақтар туралы талқыланып жатыр. Қоғамдық кеңесте АЭС туралы түрлі пікірлер ортаға салынды, Фукусима мен Чернобыльде болған апат та айтылды. Бірақ осындай жағдай болғанымен жапондықтар мен ресейліктер АЭС салудан бас тартқан жоқ. Қазіргі таңда екі елде де АЭС кемінде 30 пайыз энергетикалық тұрақтылықты сақтап отыр. Сонымен қатар күні кеше Париж қаласында Олимпиада өтті. Ал Францияда 70 пайыз энергетика АЭС-тен өндіріледі»,- деді Бейсенбаев.

Спикер қазір елде энергия тапшылығы бар екенін атап өтті, бұл 10 жылдан кейін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан қоғамдық талқылау барысында бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан қарастыру керек.

Әлемде барлық мемлекеттер көмірмен алынатын энергиядан бас тартып жатыр. Біздің көршілес Қытай мемлекетін алайық.  Осыдан 12 жыл бұрын Бейжің қаласында болдым. Ол кезде қала көшелерінде таза ауа  болмайтын. Бірақ қазір ол әлемдегі таза экологиялық қалалардың қатарына кіріп отыр. Сондықтан да біздің елде міндетті түрде тұрақты энергияны қамтамасыз ету керек. Бүгінгі талқылауда түрлі оқыс жағдайлар болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Бірақ бұл айтылып жатқан пікірлердің ғылыми жағына назар аудару қажет.  Осы күнге дейін елімізде үш референдум өтті. Олардың барлығы саяси бағытта болды. Қазақтың тарихында бірінші рет әлеуметтік, қоғамды мазалайтын референдумды өтейін деп жатыр. Яғни, бұл Мемлекет басшысы айтқан «құлақ асатын мемлекет» қағидасының іске асып жатқынын көрсетеді. Бүгін шынайы пікірталас өтіп жатыр. Иә рас, бүгін АЭС-ті қолдаушылардың қатары осында көбірек. Осында пікір айтушы ғылыми сарапшылар бар. «AMANAT»  партиясының өкілі ретінде бұл идеяның мейлінше шынайы іске асуына және дауыс беруде әділдікті сақтауға күшімізді саламыз. Біздің қатарымызда да кәсіби энергетика мамандары бар. Сондықтан да бұл тақырыпқа жан-жақты қарау қажет» - деді депутат.