«Өтінемін, шұғыл!»: Елордада балалардың құлау жағдайы бойынша жедел қоңыраулардың аудиосы жарияланды


Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалардың биіктен құлауына байланысты «103» пультіне келіп түскен қоңыраулардың аудиожазбасын жариялады. Әр аудиода жүрек ауыртар оқиғалар мен жылдам жету туралы өтініштер естіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сонымен, әңгімелердің бірінде ер адам жедел жәрдем бригадасынан 2 жасар баласы жатақхананың жоғары қабатынан құлауы бойынша шұғыл жетуді сұрайды.
Диспетчермен тағы бір әңгімеден 2 жасар баланың тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлағаны белгілі болды.
Тағы бір қоңырау шалушы диспетчерге 1,5-2 жастағы баласының құлап, ес-түссіз жатқанын айтты.
Бұл аудио балалардың биіктен құлауының нақты қайғылы жағдайларын көрсету және ата-аналарды балаларды ашық терезенің, балконның алдында жалғыз қалдырмауға шақыру мақсатында жарияланды. Күн жылынған уақытта мұндай қайғылы жағдайлар жиілейді.
Жыл басынан бері ғана Астанада балалардың биіктен құлауының 11 жағдайы тіркелді, зардап шеккендердің екеуі жедел жәрдем жеткенге дейін, тағы екеуі стационарда қайтыс болды.
Сондай-ақ қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалар ауруханасының реанимациясынан кадрлар жариялады, онда балалар биіктен құлағаннан кейін ауыр жағдайда жатқанын байқауға болады.
«Біз ата-аналарды жай ғана үндеп қана қоймай, балаларын бір секундқа да қараусыз қалдырмауын өтінеміз! Әсіресе қазір жылы мезгілде, терезелер ашық тұрады, ал мұндайда құлау қаупі зор. Балалар көбіне үйдің шатырынан да құлайды.
Құрметті ата-аналар! Сіз жедел жәрдемге жылдам келуді өтінгеніңіздей, біз де мұқият және сақ болуды сұраймыз! Назарыңыз бір сәт басқа жаққа ауғанда балаңыздың өміріне қауіп төнуі мүмкін!» – деп елордалық дәрігерлер үндеу жасады.