Түнгі уақытта жүрген 26 жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды

Фото: Нұра ауданы әкімдігі/Instagram
Елордада түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейд өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Нұра ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Рейд аудандық әкімдік, ювеналды полиция, білім басқармасы және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Бақылау тобы орталық саябақ, сауда орталықтары және компьютерлік клубтар сияқты қоғамдық орындарды тексерді. Рейд нәтижесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болған 26 жасөспірім анықталды. Балаларды қараусыз қалдырған ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2,3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр