Нейрондық желілер журналист жұмысын ауыстыра ала ма – сарапшы

16 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Нейрондық желілер журналист жұмысын ауыстыра ала ма – сарапшы
Фото: freepik.com

Астанада өтіп жатқан ІІ Орталық Азия медиа форумында Sigma Awards халықаралық байқауының жүлдегері, дата-журналист Алексей Смагин цифрлық технологиялардың классикалық журналистика рөлін қалай өзгертетіні туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дата-журналист жасанды интелект пайда болса да, дәстүрлі журналистиканың рөлі маңызды болып қала беретінін айтты.
 

«Журналистің басты қасиеті-нақты жерге, ақпарат алу және оны жеткізу. Адам әрқашан нәтижеге жауапты болады. Деректерге сене беруге болмайды, бәрі тексерілуі керек. ЖИ талдай алады, бірақ олар эмоция бере алмайды. Тек адам ғана деректерді мағыналы түрде түсіндіре алады. Біз журналистер ретінде идеяларды тұжырымдап, оларды жеткізе алатын болсақ, мамандықтағы орнымыз сақталады»,- деді ол.