00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қабылдау басталды

2 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қабылдау басталды
Фото: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша қосымша оқуға қабылдау науқаны басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттар 2024 жылдың 1-30 қараша аралығында онлайн форматта қабылданады. Бұл туралы Академия ректоры Ерлан Әбіл брифинг барысында айтты.

«Модульдік оқыту негізгі жұмыстан қол үзбей өз құзыреттерін арттырғысы келетін азаматтарға арналған. Оқу жылы 6 модульден тұрады. Әрбір модульде офлайн және қашықтан оқыту форматтары қарастырылған. Мұндай тәсіл білім алушыларға оқу материалдарын арнайы кесте бойынша ыңғайлы түрде игеруге мүмкіндік береді. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор мамандары, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатыса алады», - деді Ерлан Қуанышұлы.

 

Ректордың айтуынша, магистратура бойынша 1 жылдық екі бағдарлама қарастырылған: «Мемлекеттік басқару – Executive Master of Public Administration» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development».

«Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына үміткерлердің басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

«Өңірлік даму» білім беру бағдарламасына түсушілердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет. Осы жылы мемлекеттік қызметшілерге де модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға оқуға түсуге мүмкіндік ұсынылды. Олар мемлекеттік органнан жолдаманы ұсынуы керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы қажет», -деп түсіндірді Ерлан Әбіл.

Атап өтейік, іріктеу кезеңдері: аналитикалық эссе жазу және сұхбат кезеңі 4–7 желтоқсан аралығында офлайн форматта өткізіледі. 2025 жылдың 13 қаңтарында оқу басталады. Оқуға түсу ережелері және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат Академияның ресми сайтында https://www.apa.kz/ орналастырылған.