00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Марбург вирусының әкелінуіне жол бермеу бойынша бақылау күшейтілді

Бүгін, 17:38
Торғын Аман Торғын Аман
Марбург вирусының әкелінуіне жол бермеу бойынша бақылау күшейтілді
фото: Оңалхан Өнерхан

Елімізде инфекцияның әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық әуежайларда мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда. Ол жерлерде барлық келетін жолаушыға байланыссыз термометрия тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарға жарқанаттар арқылы берілуі мүмкін жаңа қауіпті инфекцияның пайда болғаны туралы ескертті. Марбург вирустық ауруы – адамдарға да, приматтарға жұғатын, сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба.

Марбург безгегінің табиғи ошақтары – Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.

Аурудың клиникалық көріністері вирус жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады.

Сарапшылар атап өткендей, вирус қауіпті, себебі қазіргі уақытта оған қарсы вакцина жоқ, сонымен қатар спецификалық емдеу әдісі де жоқ.

Халықтың жоғары көші-қонын, қазақстандықтардың эндемиялық елдерге баруын ескере отырып, комитет осы инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін мынадай алдын алу шараларын сақтауды ұсынады:

1) инфекция жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ болу;

2) Африка ормандарында өмір сүретін жабайы жануарлардан сақ болу;

3) жергілікті жануарлардың  дұрыс қуырылмаған етін жемеу;

4) вирустың симптомсыз  тасымалдаушылары - мысырлық жарқанаттар көп кездесетін  үңгірлерге,  шахталарға бармау;

5) аурудың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;

6) жеке гигиена ережелерін сақтау.