00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордалық сарбаздар жоғалған смартфондарды иелеріне қайтарды

Елордалық сарбаздар  жоғалған смартфондарды иелеріне қайтарды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астаналық сарбаздар  бір күнде жоғалған екі ұялы телефонды тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның Астанада орналасқан 5573 әскери бөлімінің сарбаздары Байқоңыр ауданының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген кезде сағат 19:32-де байланыс құралдары арқылы «iPhone 14 Pro Max» маркалы телефонның жоғалғаны туралы хабар алды. Ақпарат алынған соң әскери жасақ бастығы қатардағы Инсар Дүйсенбеков патрульдегі сарбаздар қатардағы Аслан Махамбетов пен Әліби Өңгелдімен бірге дереу іздестіру шараларын ұйымдастырылды.  Ұландықтар жоғалған телефонды  «Астаналық» сауда үйінің автотұрағынан тауып, иесіне қайтарды. 

Екінші оқиға кешкілік  сағат 20:21-де Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде болды.  Әскери жасақ бастығы қатардағы Диас Амир және патрульдегі қатардағы Қуаныш Тіркешов пен Бекзат Раушан телефонның жоғалған орны туралы хабар алды. 

«Біз «iPhone 15 Pro» маркалы телефон мен құлаққаптың жоғалғаны туралы ақпарат алған сәтте бірден іздестіру жұмыстарын бастадық. Уақыт жоғалтпай, біз жедел әрі бірлесе әрекет еттік. Нәтижесінде жоғалған заттарды тауып, иесіне қайтардық»,  - деді әскери жасақ бастығы қатардағы Диас Амир. 

Өз кезегінде Астана қаласының тұрғыны Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылығы мен адал қызметі үшін алғысын білдірді.