Елордалық оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді


Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз өткізу мақсатында елордадағы №6 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіздік жаздың әліппесі» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, №2 қалалық емхана, ТЖД және медициналық колледж өкілдері қатысты.
Шара квест-ойын форматында ұйымдастырылып, 6 бағыт (станция) бойынша жұмыс жүргізілді: 1)Өрт қауіпсіздігі; 2)Жол қозғалысы ережелері (викторина, белгілер); 3)Жолдағы жағдайлар (ЖҚЕ); 4)Су айдындарындағы қауіпсіздік; 5)Абай болыңыз: жәндіктер!; 6)Заң және тәртіп (құқықбұзушылықтың алдын алу).
«Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналармен қатар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдардың ортақ міндеті. «Қауіпсіздік жаздың әліппесі» іс-шарасы – бұл өзектілігі жоғары, тәжірибелік мәні бар жоба», - деді №6 мектеп-гимназиясының директоры Қамажай Қуанышқалиқызы.