Елордада Taza Astana әлеуметтік жобасы басталды
Бүгін елордада Taza Qazaqstan ауқымды республикалық акциясы аясында Taza Astana әлеуметтік жобасы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
“Бұл тұрғын үй маңын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, аулада тазалық жұмыстарын жүргізу, балалар алаңдарының тозығы жеткен жерлерін жөндеу бойынша жүйелі жұмыс құруға бағытталған. Бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен іске асыру аталған аумақтарды пайдалануға, күтіп ұстауға, қызмет көрсетуге сондай-ақ тазартуға жауапты заңды жәнк жеке тұлғалардың жұмысын ретке келтіруге мұмкіндік береді”, - деді Taza Astana әлеуметтік жобасының жетекшісі Гүлвира Әбетова.
Жоба аясында қоғам белсенділері, депутаттардан сондай-ақ аудан тұрғындарынан тұратын экологиялық комиссия тоқсан сайын ПИК басшылары мен ЖШС өтінімі бойынша бағалау актісін жүргізеді. Кейін бағалау актісін жауапты тұлғаларға жібереді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аумақты тексеру үшін әлеуметтік жобаға қатысу - ерікті.
Сонымен қоса, тексеру нәтижелері бойынша "Сапалы басқарушы", "Таза аула", "Креативті мердігер", "Қауіпсіз аула", "Тату аула", "Сенімді мердігер", "Жайлы орта", "Таза орта", "Жасыл орта" номинациялары беріледі.
"Бұл жоба өте қажет деп ойлаймын. Ересектер мен қоса балалар да қоршаған ортасын таза ұстауға үйретеді.
Өзіміздің үйіміздің ауласының таза болуына баса мән беруге дағдылануымыз қажет. Айналаға зиян келтіретін артық іс-әркетке жол бермеуіміз керек. Мен бұл жобаны қолдаймын. Осы орайда ұйымдастырушыларға алғысымды білждіремін"- деді елорда тұрғыны Әсем Есімова.
Өтінімдер birge.astana платформасында қабылданады.
Жобаның алғашқы күні тұрғын үй иелерінің балаларына арналған анимациялық шоу бағдарлама ұйымдастырылды. Мұнда олар тазалық тақырыбына арналған ойын-сауық әрі танымдық ойындар ойнады.
"Маған бүгінгі ойын ұнады. Өте қызықты болды. Қоршаған ортаны таза ұстау өзімізден басталатынын айтты", - деді 7 жастағы Ариф Арсланов.
Бүгін елордалықтарға түсіндіру жұмыстары өтті. Ал экологиялық комиссияның алғашқы жұмысы 30-тамызда басталады.