Елордада Орталық саябақтың жолына жөндеу жүргізіледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақтың ішіндегі жолға орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 22-23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр