Елордада лифтіге қамалып қалған адамдар құтқарылды
28 қазан, 2024
фото: ҚР ТЖМ/ видеодан скрин
Астананың Сарыарқа ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде лифт ішінде тұрып қалған 3 адам құтқарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Лифтің ішіндегі адамдардың бірі ауаның тарлығынан өзін жайсыз сезіне бастаған соң, 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.
«Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:01
Дүйсенбі Астанада ауа райы қандай болады
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады