Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
2 сәуір, 2025


Фото: Сұлтан Сейіт
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында Еңбек мобильдігі орталығы және басқа да серіктестермен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шара 4 сәуір күні сағат 15:00-де Abu Dhabi Plaza бизнес-орталығында (Сығанақ көшесі, 60/5) өтеді.
Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар түрлі салалар бойынша тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныса алады.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Астанада Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

12 шілде, 2025
Елордада есірткіге қарсы күрес аясында балаларға спорттық тимбилдинг ұйымдастырылды

12 шілде, 2025
Астанада вандализмге қарсы күрес күшейтілді

12 шілде, 2025
Астанада алғаш рет Backstreet Boys тобы концерт өткізеді