Елорда бюджетінің басым бағыттары талқыланды

13 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елорда бюджетінің басым бағыттары талқыланды
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Астана қаласының мәслихат төрағасы Табиғат Зейнулқабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астананың негізгі қаржылық құжатын нақтылау мәселесі кезекті рет тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралды. Кезектен тыс сессия қарсаңында елорданың қосымша бюджет шығындарының негізгі бағыттары мен басымдықтары пысықталды. Биылғы бюджетте әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінеді»,- деп жазды мәслихат төрағасы.


Отырыста Астана аудандарының әкімдері мен энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және басқа да инфрақұрылымдық басқармалардың өкілдері тыңдалды.

«Көтерілген мәселелер қатарында абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды салу және жөндеу, мектептерге қосымша құрылыс жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сатып алу шаралары бар. Соңғы бірнеше жылда мәслихат депутаттары басқармалар мен аудандық әкімдіктерден келіп түсетін бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға тікелей атсалысып келеді. Бұл – қаржының тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар алдағы уақытта да басты назарда болады»,- деді Табиғат Зейнулқабден.