Еліміздегі ең арзан азық-түлік бағасы қай өңірде

Еліміздегі ең арзан азық-түлік бағасы қай өңірде
Фотоколлаж: Elordainfo.kz

Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының осы аптадағы орташа бағаларын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бюро мәліметінше, орташа бағалар статистикасы Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарындағы  елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар сауда объектілеріндегі тауарлардың бағалары негізінде жасалған (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар).


Бірінші сортты бидай ұны Астанада 285 теңгеде. Республика бойынша ең қымбаты Ақтауда, оның бағасы – 308 теңге. Ал ең арзаны Петропавлда, мұнда бірінші сортты бидай ұны дүкендерде – 150 теңге.


Ал бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанның ең қымбаты Жезқазған қаласында тіркелді. Мұнда дүкендерде ас атасы – 257 теңге. Ал ең арзаны – Ақтөбеде,158 теңгеден сатылды. Елордада нан – 215 теңге.


Макарон өнімдерінің (өлшеніп салынатын) ең қымбаты Семейде тіркелді, 351 теңге. Ал ең арзаны – Петропавлда, 254 теңге. Астанада - 341 теңге.


Ал өлшемелі күріштің бағасы бойынша Атырау көш бастап тұр. Мұндағы күріштің бағасы 478 теңгеге жетті. Ал ел бойынша ең арзан күріш – Қызылордада. Оның бағасы – 383 теңге. Бас қалада – 422 теңге. 


Қарақұмық (өлшеніп салынатын) Астанада 183 теңгеден сатылды. Оның ең қымбаты Талдықорғанда тіркелді. Онда азық-түліктің бұл түрі 227 теңгеден сатылды. Ал ең арзаны – Павлодарда. Оның бағасы – 155 теңге.


Соңғы бір аптада күнбағыс майының ең қымбаты елордада тіркелді, бағасы 853 теңге болды. Ал ең арзаны – Қызылордада, 691 теңге. Елордада – 853 теңге. 


Ал тұздалмаған сары май ел бойынша ең арзан бағада Көкшетауда сатылды. Оның бағасы – 3935 теңге. Ал ең қымбаты – Ақтауда. Бұл өңірдің тұрғындары дүкендерден оны 6450 теңгеден сатып алды. Астанада – 5348 теңге. 


Сиыр етінің жауырын-төс бөлігінің келісін елордалықтар 2869 теңгеден сатып алды. Ең арзан баға Шымкентте, мұнда өңір кәсіпкерлері етті келісін 2556 теңгеден сатылымға шығарды. Ең қымбаты Ақтауда тіркелді, 3075 теңге.


Ал тауық еті Семейде арзан. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өңірде 1215 теңгеден сатылды. Ал ең қымбаты – Жезқазғанда. Аймақ тұрғындары еттің бұл түрін 1618 теңгеден сатып алды. Астанада – 1586 теңге. 


Ал майлылығы 2,5% пастерленген сүттің ең арзаны – Көкшетауда, 303 теңге. Ал ең қымбаты Алматыда тіркелді, қала дүкендерінде 468 теңгеден сатылды. Ал ел ордасы Астанада оның бағасы – 413 теңге.


Соңғы 7 күнде айранның ең қымбаты Өскеменде, ең арзаны Талдықорғанда тіркелді. Бұл өңірлерде ол 505 және 358 теңгеден сатылды. Ал Астанада айранның бағасы – 449 теңге.


Сүзбе елордада 2523 теңгеден сатылды. Ел бойынша оның ең қымбаты Ақтауда, ал ең арзаны Петропавлда. Бұл өңірлерде тұрғындар сүзбені 2877 және 1622 теңгеден сатып алды. Ал елордалықтар үшін сүзбе өнімі сауда нүктелерінде 2523 теңгеден ұсынылды. 


Ал көкөністердің ішінде картоптың бағасы Астанада 234 теңгеден болды. Ел бойынша оның ең қымбаты Жезқазғанда, ал ең арзаны Петропавлда сатылды. Бұл өңірлерде картоптың бағасы – 298 және 182 теңге.


Сәбіздің де бағасы қыста қымбаттайтыны көпке мәлім. Көкөністің бұл түрі елордада 130 теңгеден болды. Ал оның ең қымбаты Ақтауда, ең арзаны Павлодарда. Өңірлерде сәбіз 191 және 96 теңгеден сатылды.


Пияздың ең арзаны Таразда, ең қымбаты Атырау мен Жезқазғанда сатылды. Бұл аймақтарда ол 103 және 171 теңгеден болды. Ал ел ордасы Астанада оның бағасы – 139 теңге.


Қырыққабаттың бағасы елордада – 194 теңге. Оның ең қымбаты Жезқазғанда, ең арзаны Петропавлда. Бұл аймақтарда ол 272 және 138 теңгеден сатылды. Астанада - 194 теңге.


Соңғы бір аптада құмшекер Астанада 401 теңгеден болды. Оның ең қымбаты Семей мен Талдықорғанда, ең арзаны Таразда бен Оралда, 421 және 364 теңге.


Ал I санатты жұмыртқаның ең арзаны Петропавлда, ең қымбаты Алматыда тіркелді. Мұнда ол 471 және 606 теңгеден сатылды. Бас шаһарда жұмыртқаны халық 592 теңгеден сатып алды. 


Ал ас тұзының бағасы Астанада 92 теңгеден болды. Республика бойынша ең қымбаты Алматыда, ең арзаны Ақтөбеде тіркелді. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бұл түрі 100 және 55 теңгеден сатылды.