00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Байқоңыр ауданында жыл соңына дейін тағы екі жылы аялдама павильоны орнатылады

7 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Байқоңыр ауданында жыл соңына дейін тағы екі жылы аялдама павильоны орнатылады
фото: Оңалхан Өнерхан

Байқоңыр ауданында жыл соңына дейін тағы екі жылы аялдама павильоны орнатылады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көліктік инфрақұрылымды дамытудың негізгі аспектілерінің бірі қоғамдық көліктің қалыпты жұмыс істеуі және аялдамалар кешенінің жеткілікті болуы.  

Қазір Байқоңыр ауданында 49 жылы аялдама бар. Биыл жаңадан 13 жылы павильон қойылды, оның үшеуі жеке инвесторлар есебінен Бараев, Кравцов және Уәлиханов көшелері бойына орнатылған. Жыл соңына дейін Бөгенбай батыр және Алаш тасжолы бойына тағы екі аялдама кешені қойылады.

Есептік кездесуде қоғамдық көліктер қатары артып келе жатқаны да айтылды.

«Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында автобустар 73 бірлікке жаңартылды. Жақында тағы да жаңа автобустар жеткізіледі, соған байланысты маршруттық кестеге өзгертулер енгізіліп, жолаушылар тасымалы жақсара түспек», - деді Талғат Рахманберді.