00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бүгінгі ауа райы қандай болады

16 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Бүгінгі ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. Осыған байланысты өңірлерде ескерту жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

 

16 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Ал Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ болады. Ертең күндіз Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман болуы ықтимал. Ал Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын болмақ. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жаууы мүмкін. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Ал күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Ал түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жаууы мүмкін. Астана қаласында бүгін оңтүстік-батыстан жел соғады. Ал түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.