00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақстан»: көк ту ұстап, ұрандаған жанкүйерлер шетелдік қонақтарды тәнті етті

11 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Қазақстан»: көк ту ұстап, ұрандаған жанкүйерлер шетелдік қонақтарды тәнті етті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында елордалық белсенді жастар ел спортшыларына жанкүйер болып жүр, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазанат» ипподромы мен Этноауылдардағы әсер ерекше. Қолдарында көк туымызды ұстап, «Қазақстан» деп ұрандатқан жанкүйерлер спортшыларымызға рух беріп қана қоймай, нақышына келтіріп, әнді де орындап, шетелдік қонақтарды тәнті еткен.

Садақ тарту, жамбы ату ойындарын тамашалаған шетелдік туристер қазақ халқының қонақжайлығына да дән риза.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, қызық әлі алда. Себебі көкпар ойындарының финалдық кездесулерін жанкүйер асыға күтіп отыр. Бұл спорт түріне қызығушылық танытып отырған шетелдіктер де аз емес екенін айтады.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтіп жатыр, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы келді.

Сонымен қатар, елордада 5 этноауыл ашылды, олар 2024 жылдың 6-14 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағында орналасқан.