Астананың Нұра ауданында аулаларды безендіру бойынша байқау басталды
![Торғын Аман](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астананың Нұра ауданында аулаларды безендіру бойынша байқау басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/12/17344286363680008.webp)
Жаңа жыл қарсаңында елорданың Нұра ауданында аулалар арасында байқау басталды. Ең креативті және жайлы үш аула тұрғындары бағалы сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқау 17-27 желтоқсан аралығында өтеді. Жеңімпаздарды әкімдік пен Урбанистика орталығының мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтайды.
Бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
- идеяның өзіндік ерекшелігі;
- безендірудің эстетикасы мен ұқыптылығы;
- жарықтандырумен безендеу;
- мерекелік жаңа жылдық атмосфераны құру.
«Конкурсқа қатысу үшін кез келген Instagram парақшасында безендірілген ауланың фотосын немесе видеосын жариялау керек. Парақшаның ашық болуы маңызды. @rishat_turdybekov және @nura.audany парақшаларына жазылыңыз. Жазбада міндетті түрде #ЖаңаЖылНұраАуданы хештегі болуы қажет», - делінген аудандық әкімдіктің хабарламасында.
Жеңімпаздар 28 желтоқсанда аудан әкімдігінің ресми парақшасында жарияланады.