00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық зейнеткерлер тегін үйірмелерге қатыса алады

Елордалық зейнеткерлер тегін үйірмелерге қатыса алады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» зейнеткерлерді белсенді өмір салтын ұзарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін Орталыққа шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Зейнеткерлер үшін жаттығу терапиясы, йога, Цигун тыныс алу жаттығуы, кунг-фу, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапия, еңбек терапия, ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.

Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде, Нұра ауданы бойынша Төлеби көшесі, 44-үйде орналасқан.

«Келіңіздер, тегін үйірмелерге жазылыңыздар! Денсаулық – байлықтан қымбат, сапалы өмірдің кепілі!» - делінген хабарламада.

Орталық дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат : 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.