00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астаналық сарбаздар жоғалған баланы тауып, аналарына тапсырды

20 желтоқсан, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астаналық сарбаздар жоғалған баланы тауып, аналарына тапсырды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордадағы  «Астана-арена» стадионының жанында орнатылған бас шыршаның жанында кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің сарбазы, ұландық сержант Дархан Шәріпхановқа екі баласына көз жазып қалған аналар жүгінді. Кейін әскери қызметші байланыс құралдары арқылы жақын маңдағы қаруластарымен жедел байланыс орнатып, іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.

«Адамдар көп болғандықтан ата-аналар кездейсоқ балаларынан көз жазып қалатыны белгілі. Осындай жайт орын алып, ата-анасы менен көмек сұрады. Мен жоғалған балалар туралы ақпаратты жақын маңдағы рация патрульшілеріне хабарладым және бірден іздеуді бастадым. Балаларды қысқа мерзімде тауып, ата – аналарына қайтарып бердік», - деді сержант Дархан Шәріпханов.

Кейін ата-аналар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, күн сайын 1000-нан астам әскери қызметшілер қала көшелерінде қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін жауынгерлік кезекшілікке шығады. Әскерилердің қырағылығының арқасында көптеген қылмыс ашылып және жоғалған құнды заттар иелеріне қайтарылып жатыр. Бұл ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қала тұрғындарына көмекке келуге әрқашан дайын екендігін білдіреді.