Астаналық мектеп директоры оқушылармен инстаграмда тренд түсіріп, желідегілерді сүйсінтті

Скриншот видеодан: Instagram/aqmonshaq_nurtaza
Астаналық мектеп директоры оқушылармен Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне билеп, видео түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кейін видеоны әлеуметтік желіге жүктеді. Ол кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
«11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектермен тамаша бір тренд!», - деп жазды 58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл видео әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, қызу талқыланып жатыр.
Желі қолданушылары «Керемет. Жарайсыздар», «Баламен бір сарында болу екінің бірінің қолынан келмейді» деп пікрірлерін жазып қалдырған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр