00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады

5 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Биыл рекордты көлемде мектептерді қолданысқа береміз. Мәселен, оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашты. Олардың тоғызы – Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында.

Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымды 5 мектептің және тығыздалығы жоғары 4 мектептің қиындығы шешілді», - деп жазды Ж.Қасымбек.

Елорда әкімі мектеп құрылысына жеке инвестициялар тартылатынын атап өтті. Мысалы, «Сәби» қайырымдылық қоры қалаға жаңа мектеп («Барыс Аренаның» артында) сыйға берді. Ғимарат №9 «Зерде» мамандандырылған лицейіне берілді.

«Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауы – «Жайлы мектеп» жобасы бойынша. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз», - деді әкім.