Астанада журналист Жылқыбай Жағыпарұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

Фото: Алматы ауданы әкімдігінен
Астанада қазақтың көрнекті журналисі және жазушысы Жылқыбай Жағыпарұлының құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ескерткіш тақтасы Күйші Дина, 10 мекенжайындағы өзі тұрған үйде орнатылды.
Жылқыбай Жағыпарұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасында терең із қалдырды. Шығармашылығы сан алуан тақырыпты қамтыса, прозада жазған кітаптары қазақ әдебиетінің нағыз інжу-маржанына айналып, оқырмандар арасында танымал болды.
Мемориалдық тақтаның ашылуы – ұлы сөз шеберінің рухына тағзым ету ғана емес, оның қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін мойындау.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр