Астанада жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатыр

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада үш-төрт жылда 13 мыңнан астам орынға арналған студенттік жатақханалар салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек «Жетінші арнаның» «Саясаткер» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астанада 70 мыңнан астам студент бар. Жатақхана мәселесі бар. Біздің жоспарымыз бойынша үш-төрт жылда 13 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар салу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 4 жарым мың орын беріледі. Оның ішінде бюджет қаражатынан салынып жатқан және жекеменшік жатақханалар да бар», - деді Жеңіс Қасымбек.
Елорда әкімінің айтуынша, салынып жатқан жатақханалардың сапасы жаңа талаптарға толығымен сай. Жатақханадағы интернет, заманауи техника, асхана, жатын бөлмелерінің дизайны – бәрі студенттенге ұнайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:18
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде HR-қызметтеріне арналған Open Day өтті

Бүгін, 15:52
Астанада жаңа құрылыс кодексіндегі өзгерістер талқыланды

Бүгін, 15:29
Ұлттық ұлан су жаңа көліктермен вальс билеп, видеоға түсірді

Бүгін, 13:57
Елордада екі автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді