Астанадағы мектепте жаңа кітапхана ашылады

14 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанадағы мектепте жаңа кітапхана ашылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Осы ерекше мерекеге орай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Астана қалалық филиалы New Level School мектебінде кітапхана ашуды қолға алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Филиал атынан кітапхана қорына 50 кітап сыйға тартылады. Бұл бастама оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басты мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайту, оның қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету және ұлттық тілдік мәдениетті дамыту.

New Level School – бастауыш сынып оқушыларына тереңдетілген білім беретін мектеп. Онда негізгі назар математика мен ағылшын тіліне бағытталған.

Сондай-ақ алдағы уақытта қоғам мен мектеп арасында қазақ тілін дамыту бойынша бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып отыр.