00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада өтетін жәрмеңкеге үш облыс 400 тоннадан астам өнім әкеледі

19 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада өтетін жәрмеңкеге үш облыс 400 тоннадан астам өнім әкеледі
Фото: gov.kz

Алдағы демалыс күндері Астанада жыл сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады. Онда ел өңірлерінің тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Елордаға бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының шаруалары келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы демалыс күндері, 21 және 22 қыркүйекте елордада Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілерінің келуімен алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Олар 125 тонна ет және ет өнімдерін, 250 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 26 тонна сүт өнімдерін, 22 тонна балықты, 26 мың дана жұмыртқаны, 2 тонна нан-тоқаш өнімдерін және 60 тонна өзге де азық-түлік өнімдерін – барлығы 400 тоннадан астам тауар жеткізеді.

Жәрмеңкеде концерттік бағдарлама өтеді.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу орнына №18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайтын болады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.