Астанада Ш.Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 10:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views54
Астанада Ш.Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі аралығында жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 10-22 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен қамтамасыз етіледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.